Қарағандылық отбасы өз ұлын Нұротан деп атағаны үшін құрметке бөленді

Нұротан. Фото: Любовь Подоляк

Қарағанды облысында Нұротан есімді балақай тұрады. Партия өзімен аттас бүлдіршінге қамқорлық танытты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшада Любовь Подоляк есімді қолданушы мәлімдеді.

«Бүлдіршінге ерекше есімді әжесі Салкен Түкенова берген. Ата-анасы баланың дүниеге келуін күткенінде, ол партияның аудандық филиалына көмек сұрап барған. Ұлына жұмыс тауып беруін өтінген. Партия оның жұмысқа орналасуына қол ұшын созғасын, кейуана немересіне Нұротан есімін беруді ұйғарады», — деп түсіндірді Любовь.

Кейуана баланың болашағы мен мінез-құлқына есімнің әсері зор екеніне сенімді.

«Мен немерем еліне лайық азамат болып өсіп, барлық үмітімізді ақтағанын қалаймын», — дейді баланың әжесі.

Бүгінде Нұротан Жамсап Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасы ауылының орта мектебінде 4-сыныпта оқиды. Кілең бестікке оқитын балақай түрлі тілдерді меңгеруге әуес. 

Партия өкілдері «Мектепке жол» акциясы аясында Нұротанға мектеп құралдарына толы рюкзак пен спорттық форманы сыйға тартты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий