Арабтар. Көрнекі фото: islamnews.ru
Ерлі-зайыптылар қатынасы бойынша мысырлық маман Хебе Котб өңірде қалыңдықтардың дені алғашқы неке түнінен ерекше қорқатынын байқаған. Себебі, елдегі тәртіп бойынша қыз алғашқы неке түнінде пәк болуы тиіс. Әйелдердің бірі алғашқы сексуалдық тәжірибеден сескенсе, енді бірі пәктігін дәлелдей алмай қалуынан қорқатын көрінеді.
«Жақында тұрмысқа шықпақшымын. Алғашқы неке түнінен қорқамын. Өмірімде алғаш рет болайын деп тұр. Ер адаммен жыныстық қатынасқа түскендегі ауырсынулардан қатты қорқамын. Не істесем болады?», — деп сұрақ тастады бойжеткендердің бірі Хебенің сайтында.
Хебе болса, неке түні ауырсынулар емес, ләззат әкелетінін алға тартып, бойжеткенді тыныштандыруға тырысқан.