Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты
Аргентинада тәніне құқық беруді талап еткен әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты. Олар осылайша өздерінің адам екендігін дәлелдегісі келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аргентинаның парламенті алдында оғаш жағдай орын алды. Бірнеше нәзік жанды сексуалды тұрғыдан әйелдерді ерекшелеуге қарсы шығып, жұрт алдында жалаңаштанды.
Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты
Urbanudismo деп аталатын қозғалыстың белсенділері әйел тәніне қатысты қоғамда қалыптасқан қағидалар құқықты шектейді деген пікірде. Жалаңаштанған әйелдер бар-жоғы бірнеше минут қана өз қарсылықтарын көрсете алған. Себебі, жалаңаштығын жақтырмаған тұрғындар бірден полицейлерге хабар берген.
Киімі жоқ әйел қарияның қасына келіп отырғанда, қарт кісінің оған қуана қоймағаны байқалып қалды. Ол бірден орнынан тұрып, әйелден алыстау жерге кетіп қалған.
Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты
«Әйелім мұны теледидардан көрсе, аман қалмаспын», — деп ойлаған болуы керек сірә.
Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты
«Біз жалаңаш әйелдерді қоғам сексуалды ойлармен немесе жиіркенішпен емес, қарапайым адам секілді қабылдауын қалаймыз. Тәнімізге деген құқықты қайтарып алғымыз келеді. Шектеулерді алып тастау керек», — дейді Urbanudismo қозғалысының баспасөз хатшысы Паула Бриндизи.
Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты
Полицейлер болса, көптеген тұрғындар әйелдердің үстінен шағымданғасын, оларды тоқтатуға мәжбүр болғандарын алға тартты.