Армения қорғанысы Әзербайжанды армян шептерін атқылады деп айыптады

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 20 қарашада сағат 21:00-де Әзербайжан Қарулы күштері армян-әзербайжан шекарасының шығыс жағындағы армян шептерін түрлі калибрлі қарулармен атқылаған.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуылдан армян жағы шығынға ұшырамады.

Бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша алғы шеп айтарлықтай тыныш, деп хабарланды.

Әзербайжан жағы көрші елдің мәлімдемесіне әзірге жауап берген жоқ.

Кейінгі бірнеше апта бойы екі жақ оқ атты деп бір-бірін жиі айыптап жүр. 17 қарашада әзербайжан жағы атқан оқтан бір армян сарбазы жараланды деген мәлімет таралды. Кейін Әзербайжан қорғаныс министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий