Армения мен Әзербайжан шекарасын бекітуге келісті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Еурокеңес жетекшісі Шарль Мишель Брюссельде өткен кездесу нәтижесінде армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау жөніндегі жұмыс тобы іске кіріскенін мәлімдеді.

«Талқылау барысында аймақтық коммуникацияны ашуға, шекара қауіпсіздігі мен делимитация процесін бастау жөнінде келіссөзге келдік», — деп хабарлайды Азаттықтың армян қызметі Армения үкіметіне сілтеме жасап.

Келесі үшжақты келісім шілде не тамыз айында өтеді.

Әзербайжан тарабы әзірге Брюссельдегі кездесу жайында мәлімдеме жасамады.

2020 жылы Таулы Қарабақта қақтығыс болғалы бері бұл Еурокеңестің араағайындығымен өтіп жатқан үшінші кездесу.

Қазір Ереванда жағдай тыныш емес. Армения оппозициясы премьер-министр Пашинянды Таулы Қарабақты Әзербайжанға бере салды деп айыптап, оның отставкасын талап етіп жатыр.

Азаттықтың армян қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Ереванның шетінен орталығына дейін автожарыс басталған. Қарсылық ретінде көлік жүргізушілері сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жылжымақ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий