Арменияда әскери жағдай алынды

Армения парламенті маусым айына белгіленген мерзімінен бұрын парламент сайлауы алдында өлкедегі әскери жағдай режимін тоқтатуды қолдады. Бұл шешім үшін 132 депутаттан тұратын парламенттің 118 мүшесі «мақұл» деп дауыс берді.

Әскери жағдай былтыр күзде Таулы Қарабақ үшін Әзербайжанмен соғыс жағдайында енгізілген.

Алты аптаға созылған қарулы жанжал Әзербайжан, Армения және Ресей үш тарапты келісімге келгеннен кейін ғана тоқтаған. Ондағы нәтиже бойынша Таулы Қарабақтың шетіндегі үш аудан қайта Әзербайжанға қайтарылып, тыныштықты қамтамасыз ету үшін Ресейдің 2 мыңға жуық жауынгері кіргізілген.

Таулы Қарабақ үшін соғыста Армения жеңілгеннен кейін оппозиция премьер-министр Никол Пашинянды айыптап, оның қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Бірнеше аптаға созылған саяси дағдарыстан шығу үшін 20 маусымға мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданды.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий