Қарт кісі дүкенге түскен қарулы ұрыларға жалғыз өзі тойтарыс берді

Фото: humor.kz

АҚШ-тың Джорджия штатында қарт кісі өзінің қару-жарақ дүкеніне ұрлыққа түскен қылмыскерлерге тойтарыс берді деп хабарлайды Humor.fm порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

2016 жылдың 26 желтоқсанында жеңіл ақша табуды көздеген ақымақ ұрылар қару-жарақ дүкеніне баса көктеп кіріп келген. Алайда, дүкен иесі олар ойлағандай қорқақ адамдардың бірі болмай шығады. Ол кәрілігіне қарамастан қылмыскерлерге тойтарыс беріп, қарсы оқ жаудырған. Нәтижесінде, ұрылардың біріне оқ тиіп, сол жерде жан тапсырады. Ал, екінші ұры оқиға орнынан қашып кеткен.

Адам өлтіргені үшін ер адам жазаға тартылмайды. Өйткені, полиция қызметкерлері қария тек өзін-өзі қорғау әрекетін жасаған деп есептейді.

Сондай-ақ, қару-жарақ дүкеніне ұрылар онжылдықта бірнеше рет түскенін, бірақ бұл жағдай  жұмыс уақытында алғаш рет болып тұрғанын айтады дүкен иесі.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий