Қарызы басынан асқан қарияға желі қолданушылары бір аптада $84 мың жинап берді (фото)

Кеннет Смит. Фото: fishki.net

Өзінің марқұм әйелінің медициналық шоттарын төлеу үшін жол бойында ағаш сатқан қария желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. АҚШ-тың Миссисипи штатындағы 80 жастағы Кеннет Смиттің суреті желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Кеннет Смит қатерлі ісікпен ауырған әйелінен жақында ғана айырылып, басынан асатын қарызбен жалғыз өзі қалды. Джессика Питтман есімді Facebook қолданушысы қарызын жабу үшін ағаш сатып тұрған қартты суретке түсіріп алып, желіде жариялап жіберген.

«Сізге отын керек болса, өтініш оны мына жол бойында сатып тұрған 80 жастағы қариядан алыңызшы. Оның аты — Кеннет.  Carl Leggett және West Taylor Rd-тың қилысында күнде бірнеше сағат бойы тұрады. Одан отынның бір қабын 5 долларға сатып алуға болады», — деп жазды желі қолданушысы.

Кеннет Смит. Фото: fishki.net

Джессиканың айтуынша, зейнеткер өткен жылы да әйелі қаза болмай тұрып, оның еміне кеткен шығындарды жабу үшін сол жерде отын сатқан екен.

Алайда қария әйелі қайтыс болса да, басынан асқан қарызын жабу үшін отын сатуын жалғастыра берген.

Кеннет Смит. Фото: fishki.net

«Қарияны әр көрген сайын менің жүрегім қарс айырылады. Ол әр өткен көлікке қолын бұлғап отын алуын өтінеді», — деп қосты бойжеткен.

Желі қолданушысының жазбасынан кейін көптеген адамдар бұған бей-жай қарай алмай 6 күннің ішінде қарияға 3 мыңнан астам адам 84 мың доллар қаржы жинап берген.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий