Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық соты 18 қарашада мәдениет және спорт министрі болған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімін тағы бір айға созған.
Экс-шенеунік 140 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен мамыр айында ұсталған. Ол кезде экс-министр Ұлттық музейді басқарып отырған.
Тергеу амалдары «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізу, «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу», «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген қаражаттың ұрлау фактілері бойынша жүріп жатыр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары мәдениет министрі болды. Кейінгі үш жылда Ұлттық музейге жетекшілік еткен.