Көрнекі сурет: rsncontent.ru
Оның құрылысы екі жыл жүрді. Бұл жайында жазасын өтеушілермен тәрбие жұмысын жүргізетін майор Владимир Родин мәлім етті.
Айта кетейік, жаза басып, темір тордың арғы жағынан шыққандар арасында (аталған түзету мекемесі бойынша) жүзге тарта мұсылман бар. Олардың дені башқұрттар, татарлар, шешендер, өзбектер, қырғыздар, тәжіктер және тағы басқа ұлттарды құрайды.
Тұтқындар соққан мешітте бір мезгілде 150 адам құлшылық ете алады. Ауыр қылмыс жасағандар күнәдан сәл де болса осылай арылуды ойлап отыр.