Ашғабадта ескірген нандардың арасынан тарақандар табылып жатыр

Ашғабадтың мемлекеттік дүкендерінде сапасы төмен нандар сатылып жатқанын, тұрғындар ескірген нандардан тарақан тапқанын мәлімдейді Азаттықтың түркімен қызметі.

«Нанды сатып алмастан бұрын, тарақаннан тазартып аламыз, әйтпесе, үйді тарақан қаптап кетеді», — деген тұрғындардың бірі.

Тұрғындардың сөзінше, кейде нан тұратын сөрелерден тышқандар да жүреді.

«Күніне бір адамға үш бөлке нан ғана беріледі. Тұрғындарға ескірген нандармен қоса, мерзімі өтіп кеткен кофе мен сағыз алуға мәжбүрлейді», — дейді ашғабадтық тұрғын.

Дәл осындай көрініс Багтыярлык, Беркарарлык және Копетдаг аймақтарында да орын алған.

Азатлык тілшісінің айтуынша, нандардың ескіргеніне қарамастан, тұрғындар кезекте тұрып алады. Себебі, аймақта жұмыссыздық деңгейі жоғары.

Ресми билік еліндегі экономикалық жағдайға қатысты ешқашан пікір білдірген емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий