Ашғабадта полицияның ондаған бақылау бекеттері құрылады

Ашхабадская полиция (архивное фото)

Түркіменстан астанасы Ашғабадта полицияның бақылау бекеттерін құруға тендер жарияланды.

Өлкенің ішкі істер министрлігі мен құрылыс және архитектура министрлігі жариялаған тендер туралы ақпаратты Türkmenistan газеті жариялады.

Gündogar.org басылымы мемлекеттік БАҚ-тарға сілтеме жасап, Ашғабадта 20 бақылау бекеті құрылатынын хабарлады.

«Түркіменстан хроникасы» басылымының мәліметіне қарағанда, былтыр да осындай тендер жарияланып, оның мерзімі екі рет ұзартылған.

Ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бақылау бекеттерін құру жөнінде тапсырманы 2020 жылы сәуірде қауіпсіздік мәселелері бойынша вице-премьер Чарымырат Амановқа берген.

Түркіменстанда пандемияға байланысты шектеулер әлі күшінде. Өлкеде тамыз айынан бері базарлар мен қызмет көрсету мекемелері жабық.

Азаттықтың түркімен қызметі шектеулер 1 қарашаға дейін жалғасуы мүмкін екенін айтады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий