Түркімен билігі VPN бағдарлама орнатушылар мен проки серверлерін қолданушыларға қысым жасап жатыр.
Әлеуметтік желілерде түркімен үкіметін сынаушылар көбейіп барады, оған бөгет жасауға талпынған билік Түркіменстанда интернет жылдамдығын баяулатып қойды.
Азаттық радиосы түркімен қызметі тілшісінің хабарлауынша, апта басында астана билігі азаматтардың смартфондарына VPN бағдарламасын орнатушылар мен олардың қызметін тұтынушыларды анықтауға тырысты.
«VPN желісіне қосылған уақытта телефонымда интернет өшіп қалды. Екі күннен соң мені жергілікті полиция бөлімшесіне шақыртты, бірақ оның себебін айтпады. Мен шақырту жіберуін сұрадым, бірақ полициядағылар ресми құжат жолдаудан бас тартып, келмеген жағдайда күшпен әкететін айтты», дейді 30 жастағы астаналық тұрғын.
«Полиция бөлімінде мені қауіпсіздік қызметінің өкілі күтіп отырды. Ол маған VPN желісіне қосылған уақытта көрсетіп, оның себебін сұрады. Содан кейін кейін мұндай қызметті кім орнатқанын білгісі келді. Айтпаған жағдайда мені жауапқа тартуы мүмкін еді», дейді Сурай есімді тұрғын. Ол смартфонға VPN қызметін кім орнатқанын айтуға мәжбүр болған.
Түркіменстанда VPN орнатумен айналысатын мамандарды да полицияға шақыртып жатыр.
Еске салайық, Түркіменстанда тәуелсіз басылымдардың сайттары ашылмайды. Бұғатталған сайттардың арасында Азатлык радиосы да бар.
Түркіменстан интернет еркіндігі жөніндегі халықаралық рейтингте соңғы орындардың бірінде тұр.