Түркіменстан астанасының тұрғындары таңғы сағат үштен бастап нан кезегіне тұруға мәжбүр. Дүкендер таңғы бестен бастап сатыла бастайды.
Ашғабаттағы мемлекеттік дүкендердің алдындағы кезек таңғы сағат үштер шамасында ұлғая бастайды. Нан саудаса басталар уақытта мұнда көп адам жиналады. Дүкендер алдында жүздеген адам нан кезегінде тұрады. Тәріпті полиция қызметкерлері бақылайды.
«Адамдар аш болса полиция да көмектеспейді. Аштық адамдарды кезекке тұруға мәжбүрлейді», — деп сипаттады Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі. Оның айтуынша, нан кезегінде тұрғандар кейде төбелесіп қалады.
Тілші мәліметіне қарағанда, жаңа жылдан соң нан тапшылығы одан сайын күшейген. Сол себепті астаналықтар түн жарымында нанға баруға мәжбүр.
Мемлекеттік дүкендерде бөлке нан 0,6 манат ($0,03) тұрады, ал коммерциялық дүкендерде шамамен 4 манаттан ($0,2) сатылады.