АШМ: Тұрғындарды жер реформасынан гөрі, 10 сотық жер қызықтырып отыр

Ерлан Нысанбаев. Фото: ortcom.kz

Жер реформасы бойынша құрылған арнайы штабқа келіп түскен сұрақтардың 70 пайыздан астамы үй салуға арналған жер телімдеріне қатысты деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде белгілі болды. Алайда бұл мәселе жер комиссиясының құзырында емес, — дейді Ерлан Нысанбаев. Бүгінге дейін министрлік жанындағы штаб пен 14 облыстағы колл-орталықтарға 5 мыңнан аса, ал сайтқа 722 сұрақ түскен.

«Соның ішінде 6,5 пайызы — бүгінгі жер реформасына байланысты сұрақтар. Оның 73 пайызы үй салуға арналған 10 сотық жер туралы, 19,7 пайыз — ол басқа да сұрақтар. Оның ішінде пәтер алу, бақ өсіру немесе жердің нысанын өзгерту сияқты», — дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Вице-министрдің сөзінше, жер комиссиясының алғашқы 25 мүшесі жұма күні Ақмола облысының халқымен көшпелі жиын өткізеді. Мамандар қажет болған жағдайда, аудандарға да бармақ.

Комиссияның қалған 50 мүшесі қашан және қай өңірлерге жол тартатыны әзірге белгісіз. Тиісті жоспар комиссия құрамындағы азаматтармен келісіп жатыр, деді вице-министр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий