Ашраф Ғани тәліптердің Ауғанстанды басып алуына жол бергені үшін халықтан кешірім сұрады

Ашраф Гани, бывший президент Афганистана

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани 15 тамызда Кабулды тастап, «Талибан» қозғалысының елді жаулап алуға жол бергені үшін халықтан кешірім сұрады.

«Осының бәрін басқаша аяқтай алмағаным үшін ауған халқынан кешірім сұраймын. Ауған халқына қызметім шексіз, бар өмірімді соған арнаймын», — деді елден қашқан президент Tolo News телеарнасына берген сұқбатында.

Экс-президент белгісіз бір шетел азаматтары өміріне қастандық жасағанын айтты. Ғанидің айтуынша, олар президент сарайына кіріп, бөлмелерден президентті іздеген.

«Мен елден кетуге мәжбүр болдым, аяқ киім ауыстыруға мұрша болмады. Өмірімдегі басты байлығым: кітаптарымды, жазбаларымды, жеке ноутбугымды алып кете алмадым. Халықаралық күштермен елден шығу жолдарын талқылауға уақыт болмады. Елден бір ғана костюммен шықтым. Басқа жайттарын, Құдай қаласа, келесі жолы айтып берермін», — деді Ашраф Ғани. Қазір ол Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатыр.

Ауғанстанның бұрынғы басшысы ауған халқына тиесілі миллиондаған долларды өзімен бірге алып кетті деген мәліметті тағы да жоққа шығарды. «Бұның бәрі жалған. Жемқорлық — дерт, президент болған уақытта бар күшімді сонымен күресуге арнадым», — дейді бұрынғы президент.

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстан билігі, берген уәдесіне қарамастан, келісім мен соғысқа дайын емес болып шықты деп мәлімдеген. «Ғани мырза ауған әскері соғысады деп сендірген, бірақ, соған қарағанда, ол қателескен секілді», — деп мәлімдеді Байден 16 тамызда ұлтқа арнаған тележолдауында.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий