Ашуға булыққан ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді

Иллюстрациялық фото www.uralinform.ru сайтынан алынды

БҚО-да азаматтық некеде тұратын ер мен әйел адамның арасында жанжал туып, ер адам әйелін өртеп жіберген деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

БҚО ІІД учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бөлім басшысы Сергей Киселевтің айтуынша, оқиға желтоқсан айының басында Ақсай қаласында болған.

«Сол күні азаматтық некеде тұратын ерлі-зайыптылар үйінде ішімдік ішіп, бірге көңіл көтереді. Көңілді отырыстың соңы жанжалға ұласып, әйел адам үстіне бензин құяды. Ал ер адам сіріңкені тұтатып, бензинге малынған әйелге қарай лақтырып жібереді. Әйелдің өртеніп жатқанын көрген ер кісі өртті сөндіруге тырысады. Салдарынан әйелдің денесінің 20%-ын күйік шалған», — деп атап өтті Сергей Киселев.

Азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, екі жақ ымыраға келіп, әйел жазған арызын соңғы сәтте қайтып алып, іс жабылған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий