«Астана арландары» Мәскеу төрінде ресейлік боксшыларды жеңіп кетті

Фото: vesti.kz

«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымын жеңіспен бастады деп хабарлады 24.kz.

Мәскеуде Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасымен күш сынасқан жігіттеріміз 3:2 есебімен басым түсті.

Арландар сапында өнер көрсеткен Ілияс Сүлейменов, Әбілхан Аманқұлов Антон Пинчук жеңіске жетсе, Теміртас Жүсіпов пен Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберіп алды.

«Астана арландары» келесі кездесуін 18 ақпан күні Талдықорғанда «Uzbek Tigers» клубына қарсы өткізеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий