Астана маңында парашюттен секіру кезінде сарбаз қаза болды

18 қаңтарда Астана маңында оқу-әскери жаттығу барысында парашюттен секіру кезінде сарбаз қаза болды. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Тексеру тағайындалды» деп жазылған министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз 2022 жылы көктемде әскерге шақырылған. Командирлері мен әріптестері марқұмды жақсы жағынан сипаттайды. «Қызмет барысында әскери істі меңгеруге ынта білдірген».

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің отбасына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

Былтырдан бері Қазақстан армияларында оннан астам сарбаздың өлгені белгілі болған. Жуырда армияда адам өлімінің жиілеуіне түсініктеме берген қорғаныс министрлігі жағдайға «жауапты»екенін, бірақ әскери қызмет қауіпті факторлар және қоғамда болып жатқан жайттармен тығыз байланысты екенін мәлімдеген. Кей сарапшылар армиядағы өлімнің көбеюін әскердегі әлімжеттікпен байланыстырады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий