Астаналық жігіт жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді 3 сағат бойы тегін тасуды ұсынды

Елімізде «Жақсылық жаса» акциясы арқылы игі іс тындыруға асыққандар қатары көбеюде.

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Астана қаласының тұрғыны, Арман Шекімов есімді азамат Faceboоk әлеуметтік желісі арқылы жұма сайын түстен кейін сағат 3-тен кешкі 6-ға дейін жалғызбасты қарттарды, мүгедек жандар мен көп балалы аналарды өз көлігімен қалаған жеріне апарып, қайтып үйіне жеткізіп салуды ұсынды.

«Мүмкін сіздер мұқтаж адамдарды немесе зейнеткер, мүгедек жандарды білетін боларсыздар, жеке парақшама жазыңыздар. Байланысып, келісім жасаймыз. «Жақсылық жаса» акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Уәдемді 100% орындаймын, бастысы дені сау және қалада болуы тиіс», — деп жазды Шекімов.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий