Модель. Фото әлеуметтік желіден алынды
Наталья Кастельяр атты Пуэрто-Рика елінің тумасы балалық шағында ұзын да қалың қасынан біраз қиналған екен. Ал бүгінде ол — танымал модель деп хабарлайды 24.kz.
«Қиналғаным соншалық, мен қасымды қырып тастағым келетін», — дейді бойжеткен. Cебебі оның құрбы-құрдастары мен сыныптастары тым ұзын қасына тыным бермей, үнемі мазақ ететін болған.
Ал қазір жағдай мүлде өзгерген. Ешкімдікіне ұқсамайтын ұзын қасты қызды АҚШ-тағы Next Model Management агенттігі жұмысқа алыпты.
«Әлемдегі ең ұзын және қалың қасты бойжеткен» атанған латынамерикалық модельдің Instagram желісіндегі парақшасына 47 мыңға жуық адам жазылған.