Ерлан Сағадиев. Фото: Today.kz
2018 жылдан бастап жаратылыстану ғылымдары ағылшын тілінде оқытылуы мүмкін. «Қазақстан тарихы» пәні жоғарғы сыныптарда — қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» орыс тілінде оқытылмақ.
«Үстіміздегі жылдың күзінен бастап жүздеген жаңа сынып ағылшын тілінде оқи бастайды. Қазір 2 700 оқытушы 120-дан астам мектепте ағылшын тілінде оқытып жүр. Ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана жүреді», — деді министр.
Министрдің сөзінше, биылдан бастап бес мыңнан астам мұғалім тіл курстарынан өтеді. Сондай-ақ, Сағадиев жоғарғы сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде 2018 жылдың аяғына таман оқыта бастайтындығын мәлімдеді.