Атамбаев Ресейде фашизмнің бас көтеріп келе жатқанын ашық айтты (видео)

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Жеңіс күніне арналған жиында «Ресейде фашизм бас көтеруде» деп мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Атамбаев Ресейде үлкен күшке айналып бара жатқан скинхедтерді меңзеп отыр.

«Кеңес одағы құлаған соң, экономикадағы ойланбай жасалған өзгерістерден кейін біздің жүз мыңдаған отандасымыз Ресейге барып жұмыс істеуге мәжбүр. Олар Ресейге барып тегін нан, баспана сұрап отырған жоқ. Олар онда өздері үшін, отбасы үшін еңбек етуде, сонымен қатар, Ресей экономикасына да өз үлесін қосуда. Олар ресейліктер тарапынан жоқ дегенде соғыс жылдары Қырғызстанға Ресейден келген босқындарға қырғыз халқы қалай қарағаны секілді құрмет көрсетуге лайық «, — деді Алмазбек Атамбаев.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий