Алмазбек Атамбаев. Фото: ztb.kz
Бұл туралы ол бүгін Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты деп хабарлайды Азаттық.
Атамбаевтың сөзінше, Қырғызстан ЕАЭО-ға кірген соң екі ел арасындағы қарыс-қатынас бұрынғыдан жоғары деңгейге көтерілген.
«Мен екі ел бұдан ары да стратегиялық одақтас және әріптес болып қала беретініне сенімдімін. Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуымен біздің қарым-қатынасымыз енді бұдан да жоғары деңгейге өтті. Ресей президенті Владимир Путинге біздің елдегі осындай өтпелі қиын кезеңде қолдау мен көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді», — деді Атамбаев.
Ол Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуын да дұрыс деп бағалайтынын білдірді.
«Біз барлық өсекке ерегіскенде өте дұрыс істедік. Мен ЕАЭО-ға кіру — ең дұрыс жол болды деп ойлаймын. Жыл соңына дейін ағайын бауырлас Ресейдің көмегімен біз ЕАЭО-ға толық кіруге қатысты қалған мәселелерді шешетінімізге сенемін. Кейбір ұсақ кедергілер мен бөгеттер жойылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз, бейнелеп айтқанда ынтымақтастықты дамытудағы ары қарайғы қадамдарымызды анықтайды», — деді Атамбаев.