Қақтама. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Бельгияның Земст қаласында қатыгез әйел туған қызын қақтамаға қуырып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, көршілері гараждан шыққан қою түтінді көріп, тәртіп сақшыларын шақырған. Патруль полициясы қақпаны ашқанда екі жасар баланың қуырылған мәйітін табады.
«Біз о дүниеде кездесу үшін бірге өртенуіміз тиіс еді», — дейді анасы.
Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, 27 жастағы әйел ажырасудан кейін қатты күйзеліске ұшыраған. Бүгінде ол қамауға алынып, әйелді психологтар тексеруде.