Атырау облысындағы шендінің анасы келініне қалай түйе саууды үйретті (фото)

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіге салған суретімен көптің ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Демалысын ауылда өткізіп жатқан шенді ауыл өмірінің қызықтарымен әлеуметтік парақшасында бөлісті.

Шенеунік Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жасалынған фото деректе ауылдың қызықтарын айтады.

«Ауылға келдім. Бір апта бұрын түйеміз төлдеген екен. Мамам келініне түйе саууды көрсетіп жатыр. 35 жыл келіндік стажы бар ененің мастер-классы! Алаш екеуміз ботаны босатып, түйені иітіп жүрміз. Шардарадағы туып-өскен үйімнің ауласы. Қазақтың үйі тойсыз, қорасы қойсыз болмағай!!!» — дейді Шыңғыс Мұқан.

Желі пайдаланушылары ауыл өмірін бейнелеген суретті бөлісіп, таратып жатыр.

Көпшілік шенеунікті анасына ұқсатып «Анаңыздан аумайды екенсіз» десе кейбірі әйелін де ұқсатып «Келені енесінен аумайды екен» деген пікірлер қалдырған.




Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий