Атырау облысында жатақханадағы өрттің қайдан шыққандығы белгілі болды

Электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Атырау облысында 6 адам қаза тауып, төртеуі зардап шеккен жатақханадағы өрттің шығу себебі аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі.

«Бір қабатты жатақханадағы 480 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша — электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған. Жатақхана Қызылқоға ауданындағы Қарабатан «Газтурбиналық электр стансасының» (Karabatan Utility Solutions ЖШС, АФ PSI Story industriya ПиЭСай Строй Индустрия ЖШС-ның мердігер ұйымы) құрылыс аумағында орналасқан. Жатақхана 120 адамға есептелген», — деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 18 қызметкері мен 5 техникасы қатысқан. Сондай-ақ, Норт Каспиан ОперейтингКомпани компаниясының өрт сөндіру-апаттық қызметі, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және Полимер Продакшн ЖШС қызметі атсалысқан.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий