Атырауда белгілі кәсіпкердің ұлы шетелдік азаматты аяусыз соққыға жықты (видео)

Әлеуметтік желілерде дәретхана ішінде екі жігіттің бір ер адамды аяусыз ұрып жатқаны туралы бейнежазба кең таралуда. Олардың бірі тапаншаны кезеніп тұр деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Бұл Атыраудан жолданған бейнежазба болып шықты. Ал Blackberry мейрамханасының дәретханасында соққыға жығылған адам –10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда тұрып жатқан шетелдік азамат, компаниялардың бірінің қызметкері екен.

– 25 наурызда түнде 1965 жылы туылған Пәкістан азаматы Мухаммад Муса Абдул Уахаб шағымданды. Белгісіз екеу мейрамхана дәретханасында оған дене жарақаттарын салған. Факт тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тұлғалар анықталды, іздестіру шаралары алынуда, — деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

– Біздің мәліметіміз бойынша, шабуыл жасаушылардың бірі – қаламызға жақсы танымал кәсіпкердің ұлы.

– Біз әзірге бұл мәліметке комментарий бере алмаймыз.

– Бейнежазбада ер адам қандай тапанша кезенген?

– Бұл тек анықталған тұлғалар ұсталғаннан кейін ғана айқын болады. Бейнежазбадағы екі жігіт 293-бап («Бұзақылық») бойынша іздестірілуде.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий