Атырауда мұздың үстіне бағалы кілем төсегендер жұртты күлкіге қарық қылды (фото)

Кадр КТК арнасы

Атырауда балық аулаудың элиталық түрі жұртты таң қалдырды. Біреулер мұздың бетіне шатыр құрып, ішіне орындықтар қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

Құрметті қонақтарға арналған шатырды куәгерлер бейнежазбаға түсіріп, ғаламторға жүктеген.

Кадр КТК арнасы

Орал өзенінің үстіне тігілген мына шатырдың кімдерге арнап салынғаны көрініп тұр. Есік алдына бағалы кілем төселген.

Кадр КТК арнасы

Былайша айтқанда, арақ-шарап ішіп отырып балық аулауға керемет жағдай жасалған. Соған қарағанда, жоғары мәртебелі қонақтарды күтіп отырғандары байқалады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий