Сотта ол өзінің кінәсін мойындады.
Атырауда шекара қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында қақтығыс болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.
Атырау облысы Исатай ауданының Жанбай ауылында әскери бөлімнің қызметкерлері кешкі спорттық жүгіруден соң өздерінің әскери бөлімшелеріне қарай жол жиегімен жүгіріп келе жатқан кезде, «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігі қызметкердің бірін қағып кетпек болған.
Әскери қызметкерлер әскери бөлімнің аумағына кірген кезде бірнеше көлікпен келген ауыл тұрғындары жасақ аумағына кіруге тырысқан. Сол уақытта автоматтан жоғарыға оқ атылып, әскери бөлімнің алдына адамдар жиналады. Сол жерде ауыл тұрғыны С.А. қоғамдық орында құқық қорғау органы өкілдерін балағаттаған.
Сотта ол өзінің кінәсін мойындады.
Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен тәртіп бұзған ауыл тұрғыны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ptel.cz