Атыраулық зейнеткер ұл туып бермегені үшін әйелі мен үш қызын тастап кетті

Көрнекі фото: baq.kz

Атырауда ұл тауып бермегені үшін «туған» әйелі мен үш қызын тастап кеткен 63 жастағы атыраулық енді некесіз туған төртінші қызы үшін алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Baq.kz.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ажырасқан ата-ананың балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот материалына сәйкес, З. есімді әйелмен 10 жыл бірге азаматтық некеде тұрған. Ұл тауып беруін қалаған азамат қыз дүниеге келген соң азаматтық некедегі әйелін тастап, бұрынға отбасына яғни некедегі әйелі мен үш қызына қайта оралған.

Зейнет жастағы ер азаматтың жауапсыздығынан жалғыз басты ана атанған келіншек одан алимент өндіріп алу үшін үстінен арыз түсіреді.

Аталған іске төрағалық етуші судья Б.Идирисов тараптарды татуластырып, сотті медиациялық келісіммен шешті.

Оған сәйкес, зейнеткер азаматтық некеде туған қызына қатысты әкелігін мойындап, баласы кәмелет жасына толғанға дейін материалдық көмек беруге міндеттелді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий