Жақында ғана жолаушыларының бірі шу шығарып, бортсеріктері желіде «жұлдыз» болған отандық «Air Astana» әуекомпаниясының қызметкерлері тағы да елді дүрліктірді.
Instagram желісіндегі танымал Ztb_video парақшасында Эйр Астана стюардессаларының билеп жүрген видеосы жарияланған.
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір топ оқырман «Жақсы көңіл-күймен видео түсіргенде тұрған ештеңе жоқ» десе, кейбірі олардың қылығын қатаң сынға алған.
Айта кетерлігі, қарша бораған пікірлердің арасында «Би билегенше, қазақша сөйлеуді үйрену керек» деген «ұсыныстар» толып жүр.