Атышулы «Эйр Астана» әуекомпаниясының бортсеріктері тағы да желіні дүрліктірді (видео)

Жақында ғана жолаушыларының бірі шу шығарып, бортсеріктері желіде «жұлдыз» болған отандық «Air Astana» әуекомпаниясының қызметкерлері тағы да елді дүрліктірді.

Instagram желісіндегі танымал Ztb_video парақшасында Эйр Астана стюардессаларының билеп жүрген видеосы жарияланған.

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір топ оқырман «Жақсы көңіл-күймен видео түсіргенде тұрған ештеңе жоқ» десе, кейбірі олардың қылығын қатаң сынға алған.

Айта кетерлігі, қарша бораған пікірлердің арасында «Би билегенше, қазақша сөйлеуді үйрену керек» деген «ұсыныстар» толып жүр.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий