Атышулы «Кешью» әншісі ақ орамалды келін атанды (фото)

Фото: Instagram желісіндегі xshym13 парақшасынан алынды

«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбет 2017 жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын мәлімдеген болатын. Енді желіде әншінің орамал тартып, келін болып отырған суреті пайда болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші мен белгілі актер Дәурен Айдарқұловтың бірге түскен суреті Instagram желісіндегі xshym13 парақшасында пайда болды.

Ал суреттің жанына «Бақытты болыңдар» деген тілек жазылған.

Сонымен қатар Ақбота желідегі парақшасында актермен бірге түскен суретін жүктеп: «Жаңызға жақын, өзіңізді жайлы сезінетін жерде болыңыз, бақыт бар», – деп жазба қалдырған.

Фото: Ақботаның желідегі парақшасынан алынды

Естеріңізге сала кетейік, бұдан аз уақыт бұрын NUR.KZ порталына сенімді дереккөз хабарласып, Ақбота танымал әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа екінші әйел ретінде тұрмысқа шығатынын айтқан болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий