Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

Белгілі шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің бостандыққа шықпайтынына көзі жеткен болуы керек, онымен бірге жұмыс істеген сыра зауытының басшылары құрылтайшысының масқарасын шығарып жатыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Журналистерді зауытқа шақырған өндіріс орны директорының міндетін атқарушы, бас есепші, кадр бөлімінің басшылары мен заңгерлері Төлешовтен қорлық көріп келдік дейді. Айтуларынша, белгілі бизнесмен дүркіреп тұрған кезінде 4 әйелін сыра зауытына қағаз жүзінде орналастырып, әрқайсына ай сайын 2 миллион 200 мың теңгеден жалақы төлеп келіпті.

Екі қызы да жұмысқа бас сұқпай-ақ қыруар жалақы алып отырған. Төлешовтің күзеті бар, көлігінің шығыны бар ай сайын 60 миллион теңге соған жұмсалған. Құрылтайшылары ақпанда ол қамауға алынғаннан соң ғана жағдайымыз түзелді дейді.

«Тоқтар Төлешов 5 жыл ішінде кассадан 8 жарым миллиард теңгені сұраусыз жұмсап жіберді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 25 мың теңгеден аспайтын. Соның кесірінен айлықты да көтере алмайтынбыз, қарызымыз да көбейіп кетті. Енді ол қамауға алынғалы бері зауыт дағдарыстан шыға бастады», — дейді  сыра зауытының бухгалтері Светлана Лукиных.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий