Атышулы Трамп Солтүстік Корея президентіне «зымыран адам» деген ат қойып алған

Дональд Трамп. Фото: i.onthe.io

Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі ресми парақшасында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға «зымыран адам» деген ат қойды деп хабарлайды Baq.kz.

«Кеше кешке Оңтүстік Кореяның президентімен сөйлестім. КХДР-да бензин үшін кезек ұзын-сонар екен. Өте жаман!», — деп жазған Трамп.

Сол күні Трамп өзінің аккаунтында гольф добымен Хиллари Клинтонға соққы жасағандай видеороликті бөліскен.

Роликте Трамптың гольф ойнаған сәті мен 2011 жылы тікұшаққа кіріп бара жатқанда құлағаны байқалады. Автор бұрынғы мемлекеттік хатшының арқасына келіп тиген гольф добын осы роликтегі компиляцияда көрсетіпті.

«Дональд Трамптың керемет соққысы», — деп жазылған видеоның жазбасында.

Көптеген желі қолданушылары президенттің бұл видеоны бөліскені дұрыс болмады десе, кейбіреулері Трамптың әзіл-қалжыңы өте тамаша екенін жазуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий