Вашингтон АҚШ-тан дайындықтан өтіп, «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін Тәжікстанға қашып барған ауған ұшқыштарын алып шығып кетеді.
Душанбе халықаралық әуежайына барған Озоди радиосының журналистері онда ауған ұшқыштары отбасыларымен бірге ұшып кетуге дайындалып жатқанын хабарлады.
9 қарашада АҚШ-тың Душанбедегі елшілігінің қызметкері Тәжікстанда 190-ға жуық ауған азаматы барын айтқан. Ол жақында ауған азаматтары Душанбеден үшінші өлкеге, әрі қарай АҚШ-қа жеткізілетінін айтқан.
15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін Тәжікстанға қашып барған ауған ұшқыштары мемлекеттік университеттің бірінің жатақханасына жайғастырылған. Көп өтпей, олар санаторийге ауыстырылды.