Ауған босқыны Өзбекстан арқылы эвакуациялану кезінде босанды

Военно-транспортный самолет ВВС Германии, эвакуировавший в столицу Узбекистана людей из Кабула.\

20 тамыз күні кешкісін ауған босқыны өзбек жері арқылы эвакуациялану кезінде босанды деп хабарлайды Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі.

«22 жастағы келіншек тұңғышын босанды. Сәбидің салмағы 3 кг 840 гр. Ұл біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады», — делінген хабарламада.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 1982 ауған босқыны шетелге шығарылғанын айтқан.

Олардың ішінде 150 ауған азаматы өз қалауымен отанына оралған. Ресми Ташкент «Талибанмен» аталған азаматтарға қандай да бір күш көрсетуге, қудаламауға келіскенін мәлімдеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий