Ауған президенті Ашраф Ғанидың Біріккен Араб Әмірлігіне барғаны белгілі болды

«Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулге басып кіргеннен кейін өлкеден қашып кеткен президент Ашраф Ғани отбасымен Біріккен Араб Әмірлігіне (БАӘ) барғаны белгілі болды. Бұл туралы БАӘ сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Онда Ғани отбасымен «гуманитарлық мақсатта» өлкеге кіргізілгені айтылған.

70 жастағы Ашраф Ғани 15 тамызда Кабулды «Талибан» қозғалысы басып кіргеннен кейін елден қашып кеткен. Ол Фейсбук парақшасына «қан төгіс болдырмас үшін осындай қадамға барғанын» жазды.

Басылымдар оның өзімен бірге мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысын алып кеткенін жазып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий