Ауғанстанның Душанбедегі елшісі БҰҰ-дан тәліптерге орын бермеу туралы шешімін қуаттады (видео)

Посол Афганистане в Душанбе приветствовал решение о непредоставлении «Талибан» места в ООН

2 желтоқсанда Душанбеде жиналған бұрынғы ауған үкіметінің шенеуніктері мен ауған босқындары Ауғанстанның БҰҰ-дағы орнын «Талибан» қозғалысы өкілдеріне бермеу туралы шешімін қуаттады.

Бір күн бұрын БҰҰ-ның арнайы комитеті әзірше Ауғанстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясындағы орны өлкедегі билікті басып алып, жаңа үкімет құрған радикал қозғалысқа бермеу керек деп шешім қабылдады.

Ауғанстанның Душанбедегі елшісі Мухаммад Захир Агбар БҰҰ комитетінің бұл шешімін тарихи деп атады. «Тәліптердің» қирауы да осы тарихи шешімнен басталады деп есептейміз. Мен Ауғанстанның саяси өкілдіктеріндегі барлық әріптесіме ризашылық білдіремін», — деді Агбар.

Өз кезегінде тәліптер Ауғанстанның жаңа үкіметіне БҰҰ-дан орын бермеуді әділетсіз шешім деп атады. «Бұл шешім әділеттілік принципіне негізделген емес, өйткені ауған елінің заңды құқықтарынан ажыратып жатыр»,- деп мәлімдеді Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне тәліптер тарабынан ұсынылған Сухаил Шахин.

15 тамызда «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кеткен. Қыркүйек басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды. Оның басшысы болып 2001 жылдан бері БҰҰ-ның сакнция тізімінде тұрған Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалған.

Бүгінгі күнде тәліптердің билігін әлемдегі бірде-бір ел таныған емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий