Австралиядағы сот Новак Джоковичті елден экстрадициялау туралы шешім шығарды

Австралия федералдық соты елдің иммиграция істері жөніндегі министрінің шешімімен келісіп, Новак Джокович апелляциясын кері қайтарды. Би-би-си телеарнасының хабарлауынша, серб теннисшісі мен Австралия билігі арасындағы жанжал атлеттің COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмауынан туындаған.

Австралия заңдарына сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған шетел азаматы елге кіре алмайды.

5 қаңтарда Джоковичті шекараны бақылайтын орында тоқтатып, оны департация қарсаңында уақытша ұстайтын орталыққа жіберді. Одан соң сот иммиграция қызметі шешімінің күшін жойды. Бірақ иммиграция істері жөніндегі министр Алекс Хоук теннисші визасының күшін жойды.

Министр Хоуктің мәлімдеуінше, үкімет танымал спортшыға елге кіруге рұқсат берсе, онда вакцина салдыруды қолдамайтындар бұны қалқан ретінде пайдалануы мүмкін еді. Джоковичтің автокаттары екі күн бойы мұндай тұжырымды жоққа шығаруға тырысты, бірақ жеңіліске ұшырады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий