Автокөліктегі 2,5 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлап кетті

иллюстративное фото bel.ru

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, үйінің ауласында тұған «Hyundai Elantra» маркалы автокөлігіне белгісіз тұлға ұрлыққа түсіп, ішінде болған 5000 АҚШ долларын және 180 000 теңге қаржылай ақшасын жымқырып кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 2234680 (екі миллион екі жүз отыз төрт мың алты жүз сексен мың) теңгені құраған.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу үшін шұғыл түрде іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, жақын маңайдағы азаматтардан түсінік алынды. Нәтижесінде, күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 20-да, студент.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті таңертеңгі сағат 08:03 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, маңайдағы үйлердің біріне қақпасы арқылы заңсыз кірген. Аулада тұрған автокөліктің алдыңғы оң жақ терезесін сындырып, ішіндегі ақшаларды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият болып, сақтық шараларын қатаңдатуды ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Комментарий (0)
Добавить комментарий