Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме

Димаш Құдайберген, Айқын Төлепберген, Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Instagram

Айқын «Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар» деп өкпелеген тыңдармандардың сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар» — деген әңгімеге айтарым», — деп бастады әнші Instagram парақшасындағы жазбасын, — «Димашты өзім 2014-ші жылдан бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай.

Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі. «Славян базарын» ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға, мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза. Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз», — дейді ол.

Айқын «Димаш Қытайға барғанға дейін ешкімге керек болмады» деп айту бос сөз екенін алға тартады.

» «Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады» деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін сіздер аман болыңыздар, құрметті көрермен қауым!», — деп жазады Айқын.

Желі қолданушылары өз кезегінде Димашты  «Найнти уан» тобының жігіттерімен салыстырмауды өтініп, енді ақталудың қажеті жоқ екенін жазды.

Оқырмандарының назына құлақ асты ма, жоқ әлде басқа себептермен бе, Айқын өзінің жазбасындағы «91 тобындай» деген сөзін алып тастаған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий