Айқын Төлепберген «Кешью» тобының бұрынғы әншісіне сырға салып, ұзатып әкетті (видео)

Желіде Айқын Төлепбергеннің «Кешью» тобының әншісі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода Жұлдызды туған-туыстары үйінен шығарып салып, Айқын оны көтеріп алып бара жатқаны көрінеді.

Видеоны желіге Арука Кайратова есімді желі қолданушысы салған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің Жұлдызды өзіне тоқал етіп алатыны жайында ақпарат тарап кеткен болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий