Аяқ астынан толғағы басталған әйел көліктің ішінде босанып қалды (фото)

Фото: life.ru

АҚШ-та толғағы сегіз апта бұрын басталады деп еш күтпеген ана дәл көліктің ішінде босанды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Питтсбург тұрғыны Райлин Скарридің айтуынша, оның толғағы аяқ астынан басталған. Әйел перзентханаға дереу жиналғанымен, ол жарты жолда көлік ішінде босанып қалған. Алайда, жолда тағы бір таңғаларлық жағдай болған. Сәбидің қағанақ суы (плодный пузыр) жарылмаса да ол аман қалған. Мұндай жағдай 80 мың адамның бірінде ғана кездеседі.

«Мен көлікке отырғанда оның басы шығып келе жатқанын сездім. Сондықтан маған көлікте босанудан басқа амал қалмады», — дейді әйел.

Фото: life.ru

Ауруханаға дейінгі жол 7 минут уақытты алған. Дәрігерлер Райлинді дәл есіктің азуынан күтіп алып, нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрмғанын айтып, оның көңілін жайландырды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий