Аяғы ауыр Ақбота Сейітмағамбеттің танымал әзілкешке тоқал болатыны рас па? (фото)

Ақбота Сейтмағамбет. Фото әлеуметтік желіден алынды

Жуырда Баян Есентаева «Кешью» тобынан кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің барлық сырын ашып қойған болатын. Ол Ақботаның топтан аяғы ауыр болып кеткенін елге жайып салды. NUR.KZ порталына сенімді дереккөздің хабарлауынша, Ақбота әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа екінші әйел ретінде тұрмысқа шықпақ.

Порталға сенімді дереккөздің айтуынша, Дәуреннің әйелі Ақботаның тоқал болуына қарсы емес. Ал Ақбота болса, үш баласы бар әзілкешке екінші әйел ретінде тұрмысқа шығуға келіскен.

Фото Instagram желісінен алынды

Осы ақпаратқа қатысты, NUR.KZ Ақбота Сейітмағамбеттің менеджері Даянаға хабарласқан болатын. Ол бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Жоқ, ол өтірік әңгіме. Өкінішке қарай ма екен, әлде бақытына ма, әйтеуір ол өтірік әңгіме, олай емес», — деді әншінің менеджері.

«Неге өкінішке қарай дейсіз?», — деген сұраққа ол нақты жауап бере алмады. Оның айтуынша, бұл сөзді әркім өз түсінігіне қарай қабылдайды.

Ал 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында Ақботаның тойы «сағызша созылып кеткені» туралы айтылған болатын. Әншінің тойы қашан болатыны әлі белгісіз.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың соңында Ақботаның «Кешью» тобынан кететіні белгілі болған. Осыған дейін «Гламур для дур» деп аталатын фильмде басты рөлді сомдаған әншіні ел үш баласы бар Дәурен Айдарқұловпен көңіл жарастырды деп болжаған. Алайда, кейіннен Ақбота бұл қауесеттің жалған екенін айтқан.

 

Казнет обсуждает любовный треугольник с участием экс-певицы «КешYou»

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий