Аяғы жоқ 15 жастағы қыз бала қатерлі ісікті жеңіп танымал балерина атанды (фото)

Габи Шалл. Фото: open.az

Миссуриде тұратын 15 жастағы Габи Шалл қатерлі ісікті жеңіп, танымал балерина атанды. Жеткіншектің бар қиындықтарды еңсергені талайдың таңдайын қақтырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы open.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Габи тоғыз жасында аяғын жарақаттап алып, қорқынышты диагнозға тап болады. Қыз бала сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Балетте жетістіктерге жетуді армандаған қыз ендігі өмірі үшін күресуі тиіс болады.

Дәрігерлер ісікті жеңу үшін аяғын кессе де, бойжеткен арманынан тайынбай, балерина атануға бар күшін салады. Сансыз жаттығуларды орындап, аяғы жоқтығына қарамастан, танымал балерина болуға қол жеткізген Габи бүгінде қатерлі ісікке шалдыққан өзге балаларға үміт сыйлауда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий