Instagram әлеуметтік желісінде Ерке Есмахадн мен Қайрат Нұртастың әзіл видеосы тарап кетті. Алайда олардың видеодағы әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеода үстел басында отырған қос әнші бірге ән айтып, көңіл көтеріп отырғанын көруге болады. Алайда олардың видеосы көптеген көрерменге ерсі болып көрінді. Олар түрлі пікірлерін жазып, әншілерге наразылықтарын білдірді.
«Осы дуэттен кейін Қайраттың жүрегі қатты ауыратын болады», Ойларына келгенін істейді. Не істеп отыр? Қалжың дейді, сендерді де атақты жұлдыз дейді-ай», Мәссаған не боп кетті?», Біртүрлі ерсі көрінеді екен», — деп жазды желідегі қолданушылар. Алайда сүйікті әншілерінің бұл әрекетін әзіл ретінде қабылдағандар оларға басу айтты.