Қайрат Нұртастың қарапайымдылығына тәнті болған Алтынай оның мақтауын асырды

Фото Алтынайдың желідегі парақшасынан алынды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Қайрат Нұртастың бойындағы ерекше қасиетіне тоқталып, оны аса бағалайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желідегі парақшасына арнайы пост жазып, Қайратты мақтады.

«Қайраттың ең мықты қасиеті — аса қарапайымдылығы. Менің әкемнің үнемі айтып отыратын тәрбиелік мысалы: «Адам, жеміс ағашы сияқты болу керек. Ағаштың жемісі қаншалықты көп болған сайын, ағаш иіледі. Адам да солай болса, беделі де биік болады. Міне, Қайрат сондай азамат. Алла осы қарапайымдылығыңнан айырмасын», — деген Алтынай оның ата-анасына алғысын айтты.

Әншінің жылы лебіздерін естіген желі қолданушылары да қарап қалмады. Олар өз алғысын жаудырып, Қайратты осы айрықша қасиеті үшін сыйлайтындарын жеткізді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий