Қазақ ақындарының есімдерін ғана емес, олардың туындыларын да жатқа білетін бүлдіршін əп-сəтте көпшіліктің ықыласына бөлініп, INSTAGRAM жұлдызына айналды, деп хабарлайды Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде 2 жастағы бүлдіршін Нұрсаяның қазақ ақындарының жырларын мүдірместен айтқан сəтінің видеосы пайда болды. Бүлдіршін алдымен əкесінің: «Қандай ақындарды білесің?» деген сұрағына «Қазақ ақындарын білемін» деп жауап беріп, артынша ақындардың есімдерін тізбектей шығады. Мұнан соң Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» жəне Абай Құнанбаевтың «Əсемпаз болма əрнеге» атты туындыларын жатқа айтады. Мұны көрген желі қолданушылары балақайдың əрекетіне тəнті болып, Фариза Оңғарсынова сынды қазақтың мақтанышы болуын тіледі.